Біз әлеуметтік желіде:
Сайт нұсқасы:

Асанәлі Әшімовке «Оскар» сыйлады

Общество
view 80
news

8 мамырда театр және кино саласының саңлағы Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды. Осыған орай «Қазақфильм» киностудиясында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада актерге киностудия өкілдері түрлі сыйлық жасады. Оның ішінде ерекшесі – Асанәлі Әшімовтің фильмдері жиналған кітап тәрізді флешка. Ал Ақан Сатаев киногерлердің атынан асылтұқымды тұлпар сыйлады.
«Арабтың үш жасар арғымағы. Есімі – Оскар. Осы «Оскарыңыз» болсын. Бізге жол сілтеп, үлгі көрсетіп жүре беріңіз», – деді режиссер. Асанәлі Әшімов – Кеңес Одағының және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Ваше имя *
Комментарий *