Біз әлеуметтік желіде:
Сайт нұсқасы:

Стихияға қарсы инновациялар

Новости
view 77
news

Ақмола облысында орман өрттерін ерте анықтау үшін жаңа технологиялар қолданылады. «Бурабай» МҰТП аумағында орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. 14 өрт-бақылау мұнарасына орнатылған арнайы оптикалық датчиктердің көмегімен орманшылар өртті алғашқы үш минут ішінде анықтай алады, бұл туралы Ақмола облысы ТЖ Департаменті ұйымдастырған баспасөз туры барысында белгілі болды. Іс-шараға қатысушылар Бурабай ауданында Автомобиль жолдарының бойында минералдандырылған жолақтардың болуын және қызметтердің өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексерді. «Бурабай» МҰТП жедел басқару визит-орталығында орнатылған оптикалық датчиктер түтінді анықтайтыны, сондай-ақ найзағайдың разрядтарын белгілейтіні, күн энергиясы есебінен жұмыс істейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, сенсорлар орманда от жағатын туристерді анықтайды, тек өткен жылы орманшылар осындай бұзушылық жасаған алты адамды анықтаған. Датчиктердің арқасында бір адам браконьерлік фактісі үшін ұсталды. Еске сала кетейік, Ақмола облысында 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап өрт қаупі бар маусым басталды. Осы кезеңде екі орман өрті және үш шөп өртену оқиғасы тіркелді. Табиғи өрттердің негізгі себебі – халықтың отпен абайсыз жұмыс істеуі және найзағай разрядтары болып табылады. Табиғи өрттерді жою үшін Департаментпен ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымына 220 бірлік техника, 3 өрт-сорғы станциясы, 300 аспалы өрт сөндіргіш, 98 мотопомпа және 800 хлопушкалар дайындалды. Табиғи өрттердің алдын алу үшін Департамент жергілікті полиция қызметінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, сондай-ақ Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп санкцияланбаған күйдіруді анықтау бойынша 60 мобильді топ құрды. Тек осы жылдың өзінде 11 адам өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау болып табылатынын еске салады. Минералданған жолақтарды алдын-ала жырту керек. Бақыланатын күйдіру жүргізу кезінде егістіктерде суы бар ыдысты, толтырылған өрт сөндіргішті, құмы бар жәшікті ұстау қажет. Құрғақ желді ауа райында өрт қауіпті жұмыстарды жүргізбеу. Жұмыс немесе демалыс кезінде орман және дала алқаптарына барған кезде от жағудан және темекі шегуден аулақ болу керек. Өрт анықталған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Ваше имя *
Комментарий *