Біз әлеуметтік желіде:
Сайт нұсқасы:

Референдумға қатысқан қала тұрғындарының қарасы мол

Новости
view 70
news

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жасап, Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы хабарлады. Сонымен бірге, 2022 жылғы 5 мамыр күні 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін Қосшы қаласындағы №1 және №2 мектептерде ашылған сайлау бөлімшелері Конституцияға қатысты республикалық референдум Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың қатысуымен сағат 7-де ашыла бастады. Республикалық референдумға қатысқан қала тұрғындарының қарасы көп болды. Қосшы қалалық мәслихатының төрағасы Болатбек Ибраевтың айтуынша, қосшылықтар жаңа өзгерістерге дайын, қала жұртшылығы тағдыршешті мәселеге бей-жай қарамайды. «Референдум басталғаннан бастап сайлау бөлімшелеріндеміз. Ел бойынша өтіп жатқан ауқымды шарға Қосшы қаласының тұрғандары да белсенді қатысып жатыр. Әр түрлі жастағы адамдар: жасы бар, жасамысы бар, тіпті қарт кісілер де бұл шарадан қалыс қалмағаны байқалады. Қазірге дейін ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ», – дейді «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы филиалының өкілі, бақылаушы Алмира Әскербекова. Қосшы қаласында өткен референдум жайында толығырақ қалалық «Jańa Bastau» басылымынан оқи аласыздар!  

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Ваше имя *
Комментарий *