Референдумға 272 шетелдік байқаушы қатысады
Новости
62
Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы үшінші қаулыны қабылдады.
2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Орталық референдум комиссиясы "2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, - деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушыны ұсынды.
Сағат 18:00-де Орталық референдум комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеуді аяқтады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға 25 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 272 байқаушы қатысады. Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекетіміздің халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал ететінін атап өткім келеді. Бұл – халықаралық міндеттемелерге адалдығымыздың, сондай-ақ сайлау саласындағы халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, – деді Н.Әбдіров.
https://baq.kz/referendumga-272-sheteldik-bayqaushy-qatysady_279522/
Комментарии (0)