Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өңіраралық отырысы өтті
Новости
91
Жиынды референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев жүргізіп отырады.
Шараға референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысынан мәслихат хатшылары мен облыстық ардагерлер кеңесі, референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағалары қатысты.
Сонымен қатар, қалалық, аудандық ардагерлер кеңесі және референдумды қолдау жөніндегі қалалық, аудандық штаб төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері шақырылды.
«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов сөз алып, еліміздің әрбір тұрғынының дауысы екінші республиканың қандай идеялар мен құндылықтарға құрылатынына, қандай басымдықтарға ие болатынына, жаңа Қазақстанда қарапайым адамның қаншалықты жайлы өмір сүретінін шешуі мүмкіндігі айтып, еліміз үшін маңызды мәселелерді ортақ шешуге шақырды.
Атырау облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау штабының төрайымы Гүлзада Шакуликова облыс тұрғындарына Ата заңымызға енгізілетін жаңа өзгерістер бойынша жүргізілген ақпараттық-насихаттық жұмыстарына тоқталды.
Атырау облысында референдумды қолдау мақсатында құрылған қоғамдық штаб белсенді түрде халыққа конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіру жұмыстарын 6 мамырдан бастап жүргізіп келеді. Өңірлік штаб құрамында 25 адам тіркелген. Олар: облысқа белгілі қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер мен көпшілікке танымал блогерлер, - деді ол.
Референдумды қолдау жөнінде облыс бойынша 182 іс-шара қамтылған. Оның осы күнге дейін 130-ы өткізілді. Оның ішінде Атырау облысының 7ауданы (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Махамбет) бойынша 50 кездесу өткізілді. Сондай-ақ облыстағы «Атырау-Жарық», «ИнтергазЦентральная Азия»,«Қазақтелеком» филиалы, «Атырау-Акпарат», «Ембімұнайгаз», Атырау Мұнай Өңдеу зауыты,«ҚайнарМұнайГаз» және т.б. компания ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Өңірдің белсенді жастарымен кездесулер Атырау политехникалық колледжі, APEC Petrotechnic, Атырау университеті және С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде қамтылды. Сонымен қатар, ардагерлер мен ақсақалдар кеңесі мүшелерімен, «Атырау облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының» кәсіпкер әйел азаматтарымен кездесу-жиындар өтті. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойыншаFunTime атты жастар арасында дебат ұйымдастырылды, Штаб мүшелерінің қатысуымен CaspianNews, AtyrauTVтелеарналарында тікелей эфирлерде түсіндіру сұхбаттары жүргізілді.
Қазір интернет платформа, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы түрлі форматтағы үгіт-насихат жұмыстары, кездесулер ұйымдастырылуда. Жастар арасында «мен референдумға қатысамын» атты челлендж бастау алды. Әлеуметтік желілерде референдумды қолдау бойынша100-ге жуық пост-публикациялар жарияланды. Сондай-ақ халық көп шоғырланған қоғамдық көлік, сауда орындарда дыбыстық хабарландырулар таратылуда. Референдумды қолдау мақсатында мәдени-көпшілік, спорттық шаралар өткізілуде. Жалпы халықтың референдумға деген көзқарасы оң бағытта, әлеуметтік желі беттерінде позитивті пікірлер мен жазбалар басым, - делінген хабарламада.
Кездесуде арнайы келген Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының референдумды қоғамдық қолдау штабтарының төрағалары Сұлтанбек Ташкенбай, Табылғали Сапаров сөз алып, халықтың референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтып өтті.
Келесі сөз алған Махамбет аудандық мәслихат хатшысы Қайыржан Мәжиев, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бақытбек Таубаев бұл референдум азаматтардың мемлекеттік басқаруға неғұрлым кең қатысуын көздейтін, халықтың қолдауымен еліміздің жаңа саяси жүйеге көшуіне барынша ықпал етуге бағытталғандығын халықпен жүздесу барысында жеткізген.
Аудандық референдумды қоғамдық қолдау штабының төраымы Шынаргүл Темірбаева Жылыой ауданы бойынша күні бүгінге дейін барлығы 2050 (700 жоспарда) адамға түсінік жұмыстары жүргізіліп, нақты 50-ге жуық ұсыныс-пікірлер жолданғандығын айтты. Аудандық қоғамдық-саяси «KeńJYLOI» газетіне кездесулердің өтуі мен халыққа түсіндірме мақалалары бойынша 4 ақпарат, әлеуметтік желілерге FACEBOOK, Instagram парақшаларына 13 депутат, 12 БПҰ, 30 ШТАБ, 88 топ посттар жариялаған. ҚР Парламент Мәжіліс депутаттарымен бірге Ақкиізтоғай, ҚараАрна, Қосшағыл, Қаратон ауылдық елді мекен тұрғындарына Референдум маңыздылығы турасында ақпараттық түсіндіру шаралары өткізілген.
Өңіраралық көшпелі кездесу соңы өзара пікір алмасуға ұласты.
https://baq.kz/index.php/referendumdy-qogamdyq-qoldau-respublikalyq-shtabynyn-oniraralyq-otyrysy-otti_279429/
Комментарии (0)