Ономастика жұмысы жалғасып жатыр
Новости Косшы
123
17 ақпанда Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлының төрағалығымен ономастика және тіл саясаты мәселелерін қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысы болды.
Отырыста қаламыздағы атауы жоқ көшелерге атау беру қарастырылды. Қосшы қаласында 158 көшеге атау берілген. Осы жылы 19-шы және 20-шы шағын аудандар мен 30 көшеге атау берілетін болады.
Республика бойынша көшелерге берілуі тиісті 555 атау бекітілген. Осы өзектендірілген тізімінің ішінен атаулар берілетін болады. Мысалға айта кетер болсақ, Батырхан Шүкенов, Әміре Қашаубаев, Роза Бағланова, Мұстафа өз Түрік, Жақсылық Үшкемпіров, Бекзат Саттарханов, Шоқыр Бөлтекұлы, Нұрсұлу Тапалова, Аққыз күйші, Тұрсынбек Кәкішев, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Шерхан Мұртаза, Қошке Кемеңгеров, Ахмет Бірімжанов, Жаһанша Досмұхамедұлы, Жұмабек Тәшенов, Нұртас Оңдасынов, Ақыт Үлімжіұлы, Оспан батыр, Еркін Әуелбеков, Сағадат Нұрмағанбетов, Мәриям Хәкімжанова, Ахмет Йүгінеки, Әлкей Марғұлан, Герольд Бельгер және тағыда басқа қазақтың аяулы азаматтарының есімдері жас қаланың көшесіне берілуі үшін қажетті жұмыстар жасалатын болады.
Алдағы уақытта ақпараттар Қосшы қаласы әкімдігінің интернет ресурсында жарияланатын болады.
Читайте также
Новости Косшы
Отчего происходят пожары?
Новости Косшы
Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО
Новости Косшы
Бизнес өкілдері де белсенді
Комментарии (0)