Біз әлеуметтік желіде:
Сайт нұсқасы:

Қосшы қаласы: Мәжіліс депутаты референдумның маңызды тұстарын түсіндірді

Новости Косшы
view 100
news

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласына ҚР Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская арнайы келіп, қаладағы маңызды орындарға барып 5-маусымда өтетін ҚР конистиуциясына қатысты республикалық референдумның маңызды тұстарына түсіндіру жұмысын жүргізді, – деп хабарлайды Jańabastau.kz. Депутат Юлия Владимировна Қосшы қаласындағы «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығының дәрігерлерімен кездесіп, бұл референдумның жалпы халықтық ауқымды шара екенін айтты. Сонымен қатар, «Балдәурен» балабақшасы және Рақымжан Қошқараев атындағы қалалық мектепке де арнайы барып, білім саласындағы мамандардың сұрақтарына жауап берді. Аталған шараларға Қосшы қалалық Мәслихаттың төрағасы Болатбек Ибраев, мәслихат депутаты Нұрғали Тоқабаев, Қосшы қаласы әкімнің орынасары Берген Жұмкей және қалалық білім бөлімнің басшысы Қанат Ахметов қатысты.

Читайте также

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Ваше имя *
Комментарий *