Қазақстандықтардың 75,9% Ата заңға түзетулер енгізуді қолдайды – Қоғамдық саясат институты
Политика
88
Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын.
Бүгін өткен баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген «Referendum: Halyq üni» зерттеуінің қорытындысын жариялады, дейді «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі.
Қазақстандықтардың 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сонымен, әлеуметтік деректерге сәйкес, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды:
- азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1%
- халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%,
- суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%,
- билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%,
- Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%.

Комментарии (0)